385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» арнасынан «Central Asia’s Got Talent» шоуы көрерменге жол тартады

  • 159
«Хабар» арнасынан «Central Asia’s Got Talent» шоуы көрерменге жол тартады

Орталық Азияда таланттарын тауып, олардың өнерін елге танытуды мақсат еткен жаңа жоба «Central Asia’s Got Talent» жақында «Хабар» арнасының эфирінен көрсетіле бастайды.

Бірнеше айға ұласқан түсіру жұмыстары Қазақстан аумағында ғана емес, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан мемлекеттерінде жүргізілді. Дарынды өнерпаздарды анықтауды мақсат еткен бірегей жобаның телевизиялық нұсқасы дайын. Оны көрермендер 15 қыркүйектен бастап тамашалайтын болады.

«Central Asia’s Got Talent» телевизиялық жобасының жағрапиясы ауқымды. Бірден 4 мемлекеттің өнерлі жандарының есімін анықтайды. Бастамашыл болған Қазақстанды Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан мемелекеттері қолдады. Өйткені, жоба өте қызықты. Әрі «Got Talent» атты халықаралық үлгінің франшизасы болып табылады.

Айкүміс Сексенбаева, «Хабар» арнасы бағдарламалар бөлімінің директоры:

– Жалпы екі жүзден астам қатысушы қатысты. Біздің төрешілер ең үздігін таңдады. Осы үздіктерге би билеп, ән айтатын басқа да иллюзианист, яғни дарынды адамдар келді. Біздің ең басты мақсатымыз – осы жоба арқылы жаңа дарынды ұл қыздардың есімдерін ашу.  

Жоба 5 кезеңнен тұрады. Іріктеу, ашық тыңдау, ширек финал, жартылай финал және қорытынды сын. Бірінші кезеңде жобаға қатысушылардың өтініштері қабылданып, әрі қарай төрт елде іріктеу кезеңі өткізілді. Жобаның басты жүлдесінен бөлек, төрт елден төрт жеңімпаз анықталып, оларға ақшалай сыйлықтар беріледі. 

Нұрлан Абдуллин, қазылар алқасының мүшесі:

– Мен уайымдадым. Көбі демалыста. Біреулер естиді, біреулер естімейтін сияқты. Құдайға шүкір біздің елде баршылық қой, бойымызда талант бар. Бұл тіпті жай ғана талант емес, ертең мұны Орталық Азия көреді.  

«Central Asia’s Got Talent» шоуының түсірілімі аяқталды. Енді шоу бағдарлама көрермендерге жол тартады. «Хабар» арнасы біздің елде бұрын-соңды болмаған бірегей жобаны 15 қыркүйектен бастап көрсететін болады.

Авторлары: Индира Оразалинова, Гүлжан Көленқызы, Кенже Амраев

Хабар 24 телеарнасы