385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Kinopark кинотеатрларында «Айдаһар таңбасының құпиясы» фильмі көрерменге жол тартты

  • 161
  • UPD: 23:59, 13.09.2019

Әлем күткен туындыны ең алғаш болып, қазақстандық көрермендер көрді.

Кинопарк 11 IMAX Есентай кинотеатрында «Айдаһар таңбасының құпиясы» фильмінің премьерасы болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда басты рөлдерді Арнольд Шварцнегер және Джеки Чан сынды танымал актерлар ойнайды. Фильм ағылшын карта сызушысы жайлы.

Кинотуындының алғашқы көрсетілімі Кинопарк 11 IMAX кинотеатрында өтті. Режиссері – Олег Степченко. Бұл фильм әлемдік прокатқа келесі аптада шығады.

Жандос Айбасов, актер:

- Егер де басқа қалаларда, басқа елдерде 19 қыркүйекте болса, ол бүгін бізде, тұсаукесері бүгін болып жатыр. Бұл өте керемет. Өйткені біз алғашқы болып көреміз осы киноны. Сосын бұл кинода біздің Украинадағы каскадер достарымыз осы жобада жұмыс істеген

Қиял-ғажайып оқиғаларға толы «Айдаһар таңбасының құпиясы» фильмінің сюжеттік желісі, I Петрден тапсырма алған британиялық саяхатшы Джонатан Гриннің өмірі арқылы өрбиді. Ресейдің Қиыр Шығысының картасын сызу үшін ол Қытайға дейін барады. Саяхатшы бұрын-соңды көрмеген құбыжықтар мен қытай ханшайымдарына кезігеді. Одан әрі қызықты әрі сан қилы оқиғаларды басынан өткізеді. Айдаһарлардың патшасы Лунь-Ванмен де кездеседі. Кинопарк компаниясында дәстүр бойынша әрбір жаңа фильмнің премьерасы ерекше өтеді.

Тәуекел Мүслім, актер:

- Кинопарк кез келген жаңағы голливудтық кино болсын, болмаса, өзіміздің отандық кино болсын премьерасын, презентациясын өте жақсы өткізеді. Жаңағы арнайы әртістерді шақырып, шоу көрсетіп, өте қызықты өтеді. Бізді шақырған сайын қалдырмауға тырысамыз.

«Айдаһар таңбасының құпиясы» фильмін 12 қыркүйектен бастап Kinopark-тің IMAX кинотеатрларынан көре аласыздар.

Авторлары: Алуа Маханбет, Эдуард Кон

 

Хабар 24 телеарнасы