389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда қалалық тіл фестивалі аяқталды

  • 177
  • UPD: 23:44, 30.09.2019
Нұр-Сұлтанда қалалық тіл фестивалі аяқталды

Елордада «Менің тілім - Ұлы дала рухы» атты XXI қалалық тіл фестивалі аяқталды. Байқау салтанатты түрде жабылып, шығармашылық кеш өтті.

Мәдени шара барысында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, дамуына үлес қосып жүрген 10 азамат Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің «Тіл тұғыры» сыйлығымен марапатталды. 

Ержан Еңсебай, қалалық әкімдік жанындағы «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы:

- Жалпы бұл тіл фестивальі осыған дейін өткен. Биыл 21 ші рет өткізіліп отыр. Тіл фестивальі 5  қыркүйекте бастау алды. 12-ге жуық түрлі шара өткізілді. Одан бөлек елордадағы барлық мемлекеттік мемкемелер, жергілікті ұйымдар, кәсіпорындар, мектеп, балабақша, жоғары оқу орындары түрлі конференция, байқаулар өткізді.

Хабар 24 телеарнасы