377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Алтын адам» биыл 12 елде жұрт назарына ұсынылды

  • 167
  • UPD: 14:13, 19.12.2019
«Алтын адам» биыл 12 елде жұрт назарына ұсынылды

Алтын адам 12 елдің музейінде болып, миллионға жуық адамның назарына ұсынылды. Бұл жөнінде елордада өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.

Жиында «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» атты жобаның қорытындысы жарияланған еді. Мәселен, биыл тарихи жәдігер Ресей, Өзбекстан, Солтүстік Македония, Түркия, Малайзия және Грекия музейлеріне жеткізіліпті. Арнайы көрмеде көшпенділер мәдениетінің қалыптасуы, ежелгі металлургияның дамуы, сақ дәуіріндегі аң стилінің ерекшелігі мен сабақтастығы жан-жақты таныстырылды. 

Абай Сатыбалдин, ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары:

- Жобаның жүзеге асып келе жатқанына 3 жылға жуықтады. Осы аралықта біз 12 елдің танымал музейлерінде болып, құнды жәдігерлерімізді жұрт назарына ұсындық. Көрменің негізгі экспонаты «Алтын Адам» екендігі белгілі. Сәйкесінше оған деген қызығушылық өте зор болды.

Хабар 24 телеарнасы