417,90 504.70 5.63
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда заманауи мультимедиялық музей ашылды

  • 1284
  • UPD: 14:57, 29.12.2019

Музей Ертіс өңірінің ертегіге бергісіз ғажайып тарихынан сыр шертеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәдени нысан толығымен жаңа технологияларға негізделген. Осының арқасында экспонаттардың дауысын естіп, жүріс-тұрысын көруге болады. Қазірдің өзінде музей қорында 300-ге тарта жәдігер бар.

«Ертіс» деген атауға ие болған мәдени ошақ ұлы өзеннің бойында орын тепкен. Кіреберісте піл текті алып жануар – мамонттың мүсіні мен бұғының қаңқасы тұр. Жыл сайын өзен жағасынан табылатын сүйектерге қарап, бұл бұл жер көптеген аң мен құстың мекені болғанын білуге болады.

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

Ертіс өңірінің мақтанышы әйгілі «Қазқонақ» палеонтологиялық ескерткіші. Ондағы табылған мына жан-жануарлардың сүйектері кезінде осыдан 2,5 миллион жыл бұрын өмір сүрген мына сүтқоректілерге тиесілі екен.

Жазық даланың да теңдессіз тарихы бар. Бұл аймақ кезінде қимақ қағанатының орталығы болған деседі. Оған археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлер айғақ. Мәселен, қимақ жауынгерінің сауыт-саймандарын Марғұлан орталығының мамандары қалпына келтірді. Сирек жәдігер археологиялық қазба жұмыстары кезінде Май ауданынан табылған.

Тимур Смағұлов, Ә.Маргұлан орталығының директоры:

- Бұл музейдің маңыздылығына келсем, жәдігерлері жыл сайын жаңарып отырады. Біз археологиялық жұмыстардың нәтижесінде жинақталған құнды дүниелерді әкеп қойдық. Алдағы маусымда жаңа олжаларды ұсынатын боламыз.

Бұл ескі мен жаңаны бір арнаға тоғыстырған көрнекті орын болып отыр. Өйткені келушілер табиғи жәдігерлердің бейнесін мультимедиялық технологиялар арқылы LED экраннан тамашалайды. Экспонаттардың дыбысын естіп, жүріс-тұрысын да көре алады.

Данияр Жұмаділ, Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ресми өкілі:

- Осыншама тарихи бай дүниенің барлығын бір музейге, «Ертіс» мультимедиялық музейіне әкеп шоғырландырдық және ол тек қана жәй былай қаңқасы ғана емес, бассүйегі ғана емес, кәдімгі олардың өмір сүру деңгейін, сол кезде өмір сүру қалпын, барлығын мультимедиялық түрде, заманауи технологияның арқасында жандандырып, халыққа паш етіп жатыр. Мұның өзі бір керемет дүние деп ойлаймыз.

Әзірге музей қорында 300-ге тарта жәдігер бар. 9 экспозияциялық зал жұмыс істейді. Бір мезетте 600 адамға қызмет көрсетіледі. Жылпы құны 300 миллион теңгеге түскен. Елімізде теңдесі жоқ бірегей нысан демеушілердің қаражатына салынды.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Марат Иігіліков, Алексей Омедьницкий

Хабар 24 телеарнасы