419,02 492,14 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ержан Максим қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады

  • 427
  • UPD: 12:41, 02.01.2020
Ержан Максим қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады

Жас дарын Ержан Максим қазақстандықтар мен ән сүйер қауымды Жаңа жыл мерекесімен бейнежазба арқылы құттықтады.

Оны әнші өзінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында жариялады.

«Ассалаумағалейкум, құрметті инстадостар! Баршаңызды келіп жеткен Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Әрқашан аман болыңыздар! Аспандарыңыз ашық болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Ержаннан жалынды сәлем Мәскеуден», – деді өнерлі өрен.

Сонымен бірге, ол өзіне қолдау көрсетіп жүрген жанкүйерлеріне алғыс айтты.

Хабар 24 телеарнасы