375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Махатма Гандиге ескерткіш орнатылады

  • 261
Елордада Махатма Гандиге ескерткіш орнатылады

Елордада Үндістанды британдық отарлаудан азат ету ұлттық қозғалысының көшбасшысына айналған, кезінде Махатма Ганди есімімен танымал болған Мохандаса Карамчанды Гандидің құрметіне ескерткіш орнатылады.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Уранхаев мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Махатма Ганди, Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш қою жоспары бар. Бүгінде ескерткіштерді орнату орындары анықталуда. Өйткені ескерткішті кез келген жерге қоя алмаймыз ғой. Айтар болсақ, Қ.Сәтбаевтың ескерткіші Қажымұқан мен Қ.Сәтбаев көшесінің қиылысында қойылса ыңғайлы болар еді», – деді Н.Уранхаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Хабар 24 телеарнасы