422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Берлинде Абайдың 175 жылдығы атап өтілді

  • 612
  • UPD: 15:40, 24.02.2020
Берлинде Абайдың 175 жылдығы атап өтілді

Германия астанасында хакім Абайдың 175 жылдығы атап өтілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлы ақынның шығармашылығымен танысуға Германия тұрғындарымен бірге Польша, Швеция, Түркия, Португалияда тұратын қандастарымыз да келді. Шараны ұйымдастырушы «Астана» халықтар достығы мен ұлттық мәдениеттердің дамуын қолдау қоры қонақтарға кең бағдарлама ұсынды. Көрермендерге Абай туралы фильм мен кітаптар көрсетіліп, ақынның әндері шырқалды. Сәуле Жанпейсованың орындауындағы «Көзімнің қарасы» әні кештің көрігін қыздырды.

Жарқын Өтешова, «Астана» халықтар достығы мен ұлттық мәдениеттер дамуын қолдау қорының президенті:

- Біз бұл шараны Берлинде өткізу себебіміз Абай Еуропаның есігін қазаққа жүз жыл бұрын таныстырса, біз енді Абайды жаңа тұрғыдан Гетенің елінде неміс халқына, әлем халқына Абайдың өсиеттерін жеткізіп, соны марапаттап, ұлықтап отырмыз. Барлық елдерде Абайдың қалдырған мұрасын ұлықтау үшін кештер өткізіледі. Бұл Францияда, Венгрияда, Польшада жоспарланып отыр. Ары қарай Еуропаға Абайды таныстырамыз деп ойлаймын.

Төре Рахман, жазушы:

- Абай атамыздың жолын жалғастырып, мен Гетенің мынау West-ostlicher Divan деген кітабын аударған едім біраз жыл бұрын кірісіп, былтыр ғана аяқтап. кітап етіп шығардым осыны. Бүгін Берлиннің төрінде осы кітаптың тұсаукесер рәсімі өткізілді. Өте жылы қабылдап жатыр, өйткені бұл кітап тек қазақ тілінде емес. Абайдың 175 жылдығына және Гетенің 270 жылдығына арналып шығарылған кітап.

Хабар 24 телеарнасы