423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

БҚО: Жәнібек ауданындағы шебер жасаған ұлттық бұйымдар сұранысқа ие

  • 576
  • UPD: 11:51, 04.07.2020

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауылында Елдос Сағадатов деген жас шебер тұрады. Оның қолынан шыққан ұлттық нақыштағы бұйымдар әркез сұранысқа ие. Ал, ескі жиһазға қайта жан бітіретін Еділ Қабдоловқа ресейдегі қандастардан жиі тапсырыс түседі екен.

Жәнібек еліміздің ең шеткі нүктесіндегі шекарамен шектесіп жатқан шалғайдағы шағын ауыл. Аудан орталығы. Жолының жыры бітпесе де, байланысының сапасы нашар болса да, оқу тауысқан жастардың дені туған ауылына тартылып тұрады. Мұғалім мамандығын меңгерген Елдос Сағадатов та сондайлардың сойынан. Жоғарғы оқу орнын бітірген соң бірден ауылға оралды. «Дипломмен ауылға» бағдарламасының шарапаты тиіп үйлі-күйлі болды. Кейін бойдағы қабілетті ұштап, ағаштан түрлі тұрмыстық бұйымдар жасауды қолға алды. 

Елдос Сағадатов,  шебер:

- Үйде қолданыста қолданатын тақтайлар жиынтығы. Яғни әйел адамға қажет дүние. Үлкен ас жаятын тақтасы одан кейін ет шабатын, одан кейін көкніс турайтын доскалары бар. Қазақстанның кез келген жеріне жіберіп жатырмыз интернет, почта арқылы заказ қабылдап. Бізде көршілес ресей мемлекетінен сол жаққа шығарсақ біздің тауарларымыз өтімді, қазақ бауырларымыз көп ол жақта сұраныс көп. 

Жанар Қошанова,   Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы:

- Былтырғы жылы «JAS PROJECT» жобасына қатысып 1 миллион теңге грантқа ие болды. Сол ақшаны қадесіне жаратып өзіне осы жұмысына қажетті құрал сатып алды. Және жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп қазір өзінің қолынан жасаған бұйымдарын халыққа таратып отыр. 

Ал Еділ Қабдолов 5 жылдай шекарада қызмет істепті. Келісімшарт мерзімі аяқталған соң студент кезінде меңгерген кәсібіне біржола бет бұрады. «Жездемнің жиһаз салонында жұмыс істей жүріп біраз нәрсе үйренгем. Жәнібекте жиһаз жасайтын жер жоғын ескеріп осы шаруаны қолға алдым дейді ол. 

Еділ Қабдолов,  шебер:

- Бағдарламаға ешқандай қатысқан жоқпын, өзім сол пограннан кеткенде жиған-терген ақшама оборудование алып бастап кеттім. Ескі дивандарды жаңартам, сосын машиналарды обшивка полный салон. Сосын корпусный мебель енді жайлап қолға алымын деп отырмын ақшаны жинақтап құрал-сайман сатып алып станкотарды. Жайлап-жайлап россияға қарай шыққым келеді, көп тапсырыстар түсіп жатыр. Россиядағы қазақтар олар қазақша орнаментпен неткісі келеді дивандарды.

Еділдің ендігі мақсаты талапқа сай қондырғылар сатып алып, қызмет ауқымын кеңейту. Елдос та  қазір өзі білгенін шәкірттеріне үйретіп жүр. Жалпы Жәнібек ауданына былтыр «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 13 жас маман оралыпты. Биыл 18 маманды баспанамен қамтуға 71 миллион теңге несие қаржысы қарастырылған. 

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов

Хабар 24 телеарнасы