426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақ ұлттық өнер университетінде бір минут үнсіздік жарияланды

  • 168
  • UPD: 17:03, 13.07.2020

Бүгін еліміздің барлық аймағында еңбек ұжымдары мен оқу орындарында бір минут үнсіздік жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның бірі – Қазақ ұлттық өнер университеті. Білім ордасы бақилық болған әріптестерінің рухына тағзым етіп, еңбек жолдарын еске алды. Университет ректоры, Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсақожаева коронавирустан көз жұмған отандастардың отбасына көңіл айтты.

Айман Мұсақожаева, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры

- Президент Ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Алапат дерт адамдарымыздың өмірін қиып жатыр. Қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын.

Хабар 24 телеарнасы