Даусыз дарын Димаш Құдайбергенов АҚШ-тың МТV арнасынан өз тілінде ән салған тұңғыш қазақ әншісі. Оның қазақ тілінде шырқаған әнінің бейнебаянын МТВ арнасының ресми Ютуб желісі арқылы күллі әлем тамашалай алады. Бейнебаян жұма күні Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы алтыға дейін жүктелетіні белгілі болып отыр.
Димаш Құдайберген, әнші:
- Тыңдармандарыма, өнерімді бағалайтын әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлеріме шын жүректен алғыс айтамын. Олар менің бала арманымның орындалуына себепкер болды. Қазақстан ғана емес, төрткүл дүниедегі көрермендерімнің қолдауына разымын. Құрметім мен алғысым шексіз.