420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Беларусьте кезекті рет қазақ даласының әндері шырқалды 

  • 142
  • UPD: 20:15, 19.11.2020

Ұлттық кітапханада Абайдың 175 жылдығына арналған мәдени іс-шара өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған Беларусь елінің өнер сүйер қауымы мен қазақ диаспорасының өкілдері және Мұхтар Әуезов атындағы Минскідегі мектептің оқушылары қатысты.

Абайдың салиқалы ойлары, ұрпаққа қалдырған әрбір сөзі сүйектен өтеді. Ұлы ақынның өсиет-аманаты барлық халыққа ортақ мұра дейді ақын Микола Метлицкий. Беларусь халқын кемеңгер ойшылдың шығармашылығымен таныстырған аудармашы Хәкім Абайдың туындыларын терең зерттеп, оның тұңғиығына бойлағанын айтады.

Николай Метлицкий, ақын, аудармашы:

– Абай өлеңдерін аударғанда, халықтарымыздың арасында көп ұқсастық барын байқадым. Мәселен, бізде де ұлы ақын Янка Купала Беларусь жұртын бостандыққа шақырған. Абай шығармаларын оқығанда да, осындай сезімге бөленесің.

Қазір Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы беларусь тіліне аударылып жатыр. Бірінші томы басылымға дайын. Жалпы эпопеяның төрт томы жарық көруі тиіс.   

Михаил Поздняков, Беларусь жазушылар одағы Минск бөлімінің төрағасы:

– Жетістікке жету үшін аянбай еңбек ету керек, жақсылық жасап, әділдіктен ауытқымау қажет. Ықылас пен ынтымақ арқасында ғана бірлігіміз ажырамайды. Ұлы ақын Абай да бәрін осыған үндеп келген. Мұны әсіресе Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романынан жақсы байқауға болады.

Айгүл Аспандиярова, Қазақстанның Беларусьтегі елшілігінің бірінші хатшысы:

– Биыл түркі әлемінде Абай жылы деп жарияланды. Алайда шындығында оның ұлылығы шексіз екенін бәріміз де білеміз. Абай – әлемнің талай елдерін мойындатқан ақын.

Шарада беларусь тіліндегі ұлы ақын шығарамаларының үзінділері оқылды. Осы сөздерінде әрқайсысы қазіргі заманға да өзекті ақиқатты өз бойына сіңіретіні анық.

Авторлары: Дмитрий Лукша, Владимир Струк

Хабар 24 телеарнасы