424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

21 қарашада «New Music Generation 2020» байқауының жеңімпазы анықталады

  • 59
  • UPD: 21:49, 19.11.2020
21 қарашада «New Music Generation 2020» байқауының жеңімпазы анықталады

«New music generation 2020» екінші халықаралық композиторлар байқауы аясында отандық және шетелдік музыканттардың қатысуымен гала-концерт өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сахнада пианист, музыкант, композитор Рахат-Би Әбдісағиннің туындылары орындалды. Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, атақты скрипкашы Айман Мұсақожаева, Эрнест Хётцль, Феликс Мендельсон сынды әлемдік аренадағы өнер иелері көрерменге симфониялық музыканы тарту етті. Іс-шара аясында Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «QUBYLYS» шығармасының тұсаукесері өтті. 21 қарашада «New Music Generation 2020» халықаралық композиторлар байқауының жеңімпазы анықталады. Өнер додасына қатысуға әлемнің 22 мемлекетінен 98 композитор ниет білдірген.

Айман Мұсақожаева, қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры:

– Қазақ симфониялық оркестрмен пандемия кезінде бірінші рет концерт бердік. Италия қалаларына шығып, концерт қоямыз.

Эрнест Хётцль, дирижер:

– Қазақстанның музыканттары өте дарынды. Өзіндік ерекше стилі бар. Рахат-Бидің туындылары соған дәлел. Пандемия кезіндегі алғашқы концерттің мүшесі болғаныма қуаныштымын.

Хабар 24 телеарнасы