386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ОҚО-да жергілікті мәслихаттардағы бос орындарға 14 үміткер тіркелді

  • 320
  • UPD: 14:20, 27.03.2017

Оңтүстік Қазақстан облысында жергілікті мәслихаттардағы босаған 5 депутаттық орынға 14 үміткер таласып жатыр.

Олардың ең жасы 25-те. Және үміткерлердің екеуі әйел. Жалпы көпшілік сайлайтын 5 үміткердің екеуі облыстық, екеуі Шымкент қалалық және біреуі Сайрам аудандық мәслихат депутаттығынан үміткерлер. Өңірдегі саяси науқанда 5 округ бойынша 66 сайлау бөлімшесі жұмыс істеп жатыр. Осы арқылы барлығы 76 181 азамат дауыс беруі тиіс. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан сайлаушылардың белсенділігі жақсы, - дейді сайлау комиссиясының өкілдері. Таңғы 07.00-ден басталған сайлау кешкі 20.00-ге дейін жалғасады.

Құттықыз Қалдыбаева, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Ауа райына қарамастан өзімнің таңдауымды жасап, сайлауға ат алысып жатырмын. Біздің жастарымыз үшін. Біздің болашағамыз үшін. Қазақстанның өркендеуі үшін атсалысатын кісі деп ойлаймын мен ол кісіні. Өте жақсы кісіге мен дауыс беріп отырмын.

Әлібек Өмірәлиев, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Барлық деңгейдегі депутаттыққа кандидаттардың көпшілігі өзін-өзі ұсыну жолымен түсіп жатыр. Ал мынау саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден көп емес. Бірақ «Нұр Отан» партиясынан барлық 5 округ бойынша үміткерлер бар.

Хабар 24 телеарнасы