386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада ханшайым Сүйінбике атындағы көше пайда болды

  • 620
  • UPD: 21:25, 12.06.2017

Астана қаласында Қазан хандығының ханшайымы Сүйінбике атындағы көше ашылды.

Сүйінбике Үлкен Ноғай ордасының билеушісі болған Едіге әулетінің ұрпағы. Салтанатты шараға қала әкімі Әсет Исекешев пен Татарстан Президенті Рустам Минниханов қатысты. Бұл шара татар халқымен арадағы достықтың тағы бір көрінісі іспетті. Елордада татар халқының өкілдеріне берілген бұл алғашқы көше емес. «Сарыарқа» ауданында Кеңес одағының батыры, татар ақыны Мұса Жәлел атындағы көше бар.

Айта ктейік, ханшайымның атына көше беруге отандық ақын-жазушылар мұрындық болған.

Хабар 24 телеарнасы