Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада медицина саласының үздіктері марапатталды

  • 765
  • UPD: 10:40, 17.06.2017

Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын «Астана опера» театрында өтті.

Шара барысында «Үздік маман» байқауы қорытындыланды. Ол үздік дәрігер ауыл дәрігері, провизор, медициналық жоғары оқу орнының үздік оқытушысы сияқты 8 номинация бойынша  анықталып, озық мамандар марапатталды. Айта кетейік, бүгінде еліміз бойынша денсаулық сақтау мекемелерінде 75 мыңға жуық дәрігер, 170 мыңнан аса орта буынды медицина қызметкері еңбек етеді. Салтанат соңы «Астана опера» театрының шығармашылық ұжымы мен танымал өнер жұлдыздарының мерекелік концертіне ұласты.

Хабар 24 телеарнасы