386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Батыс Қазақстан облысында заңсыз киік аулағандар ұсталды

  • 964
  • UPD: 07:56, 22.06.2017

Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданында полиция заңсыз киік аулаған 5 адамды құрықтады. Олардың арасында қаскөйлермен  күрес жүргізу міндеті сеніп тапсырылған «Охот-зоопром» кәсіпорнының инспекторы да бар.

Тергеу барысында аталған қылмыстық топтың браконьерлікпен бірнеше жылдан бері айналысып келе жатқаны анықталды. Тінту кезінде 272 дана киік мүйізі, 1 млн 120 мың теңге көлеміндегі ақша, 5 аңшы қаруы, 1 газды тапанша, 134 бірлік оқ-дәрі, 4 қарда жүретін техника және 18 ұялы телефон тәркіленді.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, браконеьерлерді жауапкершілікке тарту оңай емес. Мәселен, былтыр қозғалған 24 қылмыстық істің тек 8-і ғана сотқа жеткен.  

Махамбет Темірбаев, БҚО ІІД тергеу басқармасының бөлім жетекшісі:

-Қазталовка ауданының жергілікті тұрғындары және де осының ішінде «Охотзоопромның» лауазымды тұлғасы бар. Ол өзінің лауазымды міндеттеріне байланысты заңсыз аңшылыққа жауапты адам. Бірақ ол кісі қылмысқа қатысы бар екені анықталып, қазір тексерілу жұмыстары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы