389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде аптап ыстыққа байланысты дабылды ескерту жарияланды

  • 536
  • UPD: 20:46, 03.07.2017

Алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық сақталады.

Жоғары қысымның әсерінен сынап бағанасы +38,+43 градусқа дейін көтеріледі. Ауа райын болжау мекемесі 4-5 шілде күндері Атырау облысында, сондай-ақ Ақтөбе облысының кей жерлерінде ауа температурасының көтерілуіне байланысты дабылды ескерту жариялады. Тек солтүстік және шығыс аймақтарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сонымен қатар, екпінді жел тұрады, деп болжайды синоптиктер.

Айнұр Қайынбаева, инженер-синоптик:

- Астана қаласы бойынша 4-6 шілде өткінші жаңбыр, найзағай болады. Желдің күші 9-14 м/с болады. 4 шілде түнде – 19-21 градус, күндіз 30-32 градусты құрайды. Алматы қаласы бойынша үш тәулікте ауа райы жауын-шашынсыз. Желдің күші 0-5 м/с, ауа температурасы түнде – 20-22, күндіз 34-36 градусты көрсетеді. 

Хабар 24 телеарнасы