388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада стартап-марафон басталды

  • 651
  • UPD: 17:32, 04.07.2017

Елордамызда алғаш рет стартап уикэнд ұйымдастырылады. Қатысушылар 5 айдың ішінде экожүйені жақсарту бойынша әзірлеген жобаларын қазылар алқасына ұсынып, өзара сынға түседі.

Үздіктер қатарынан көріну үшін олар коммуналдық шаруашылық, көлік, қала экологиясы салаларын дамытудың инновациялық жолдарын іздеп табу керек.  Байқаудың бірінші кезеңі шілденің 14-і мен 16-сы аралығында өтеді. Оған еліміздің барлық өңірлерінен келген жастар қатысады.

Павел Коктышев, байқау ұйымдастырушысы:

– Стартап марафонның сайты бірнеше күн бұрын іске қосылған. Оған еліміздің 8 қаласынан 70-тен астам қатысушы тіркеліп үлгерді. Байқау қорытындыларын шығару үшін ірі бизнес компания өкілдері шақырылды. Олар жас кәсіпкерлерге баға беріп қана қоймай, өз тәжірибесімен де бөліседі.

Хабар 24 телеарнасы