389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Сартқожаұлы: Латын әліпбиіне көшу дұрыс жазуға септігін тигізеді

  • 609
  • UPD: 14:06, 27.08.2017

Белгілі түркітанушы ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы Бурабайдағы Елбасы сұхбатына қатысты ойын осылай жеткізді.

Ғалымның айтуынша, бұл бастаманы ертерек қолға алу қажет. Ол үшін латын қарпінің нақты ережесін жасау керек дейді.

Қаржаубай Сартқожаұлы, түркітанушы ғалым:

Алфавит дегеніміз ұлтты ұйыстыратын ұйтқы. Бұдан 1300-1500 жыл бұрын ең алғаш мына көне түрік, руникалық, бітік алфавитіне ірі реформа жасаған кезде Мұқан қаған арнайы тапсырмамен осы алфавиттің ережесін жасатты. Шығысы Манжуриядан бастап, батысы Қаратеңізге дейін, оңтүстігі Памир Тянь-Шаньнан бастап, Сібір аралығындағы алып аймақта қаншама диалектикада сөйлейтін түрік халықтарын бір ғана алфавитке ұйыстырған. Соның арқасында бір түрік этностары пайда болды.

Хабар 24 телеарнасы