384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Аралтұз» зауытының өндірісі 90 пайызға артты

  • 1153
  • UPD: 10:16, 10.09.2017

Соңғы 4 жылда кәсіпорын жоғары өнімділікке жаңа технологияның арқасында қол жеткізіп отыр. Тұз өнімдерінің 20 шақты түрін шығаратын өндіріс ошағы нарық ауқымын кеңейтіп, экспорт көлемін еселеуді жоспарлап отыр.

«Аралтұз» зауытындағы жаңғырту жұмыстары 4 жыл бұрын басталды. 2013-те испан технологиясымен жаңа желі өндіріске енгізілді. Кәсіпорында дәл осындай өнімділігі жоғары цехтың тағы бірі өткен жылы іске қосылды. 

Бержан Рысманбетов, цех басшысы:

– Бұрынғы украиндық зауыт 10 мың тонна ас тұзын техникалық талапқа сай шығаратын болса, қазір 13-ші жылда зауыт ашылды. Испандық технологиямен 2016-шы жылы ашылды. Екі зауыт ашылып, енді 15 мың тонна ас тұзын шығарады.

Осылайша ас тұзының өндірісі 5 есеге артты. Оған қоса 3 жыл бұрын мал азығына арналған брикеттелген тұз шығарыла бастаған еді. Бүгінде бұл өнімнің ең жоғары сапалы түрін дайындау қолға алынды.

Ғалымжан Еңсепов, зауыт операторы:

– Ауысымда 8 сағат жұмыс жасаймыз. Оның ішінде 5 автомат 8 сағатта 15 тонна өнім шығарады. Оған қоса 2 тонна премиум таза шаңнан шығарылған 30 пайыз тұз, 70 пайыз шаң қосып, премиум тұзын шығарамыз.

Айдынбек Тауасаров, «Аралтұз» зауытының директоры:

– Сондай-ақ полимер цехін іске қостық. Соның арқасында тұзды түрлі қаптарға салып шығаратын болдық. Өндіріс аясы кеңейгеннен кейін жұмыс орны да көбейді. Мәселен, осыдан 4 жыл бұрын зауытта 650 адам еңбек етсе, биыл жұмысшылар саны 1200-ге жетті.

«Аралтұз» өнімінің 60 пайызы Ресейге, 5 пайызы Қырғызстанға экспортталады. Қалған бөлігі ішкі нарыққа тиесілі. Биыл зауыт жылдық жоспарын 370 мың тоннаға жеткізбек. Сондықтан Иран, Қытай, Біріккен Араб Әмірлігі секілді елдерге де тұз саудалауды көздеп отыр.

Авторлары: Қамбар Бекенов, Қанат Еңсебаев, Руслан Айтмамбетов

Хабар 24 телеарнасы