387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмолалық ғалымдар мен қоғам белсенділері латын әліпбиіне көшуді талқылады

  • 464
  • UPD: 22:22, 17.09.2017

Латын әліпбиінің қазақ даласына екінші рет айналып келуі тегін емес. Себебі бұл заман талабы.

Осылай деген ақмолалық ғалымдар мен қоғам белсенділері Елбасының латын әліпбиіне көшу бастамасын талқылады. Тіл мамандарының айтуынша, латын жазбасы, қазақ тілінің табиғи болмысына сәйкес келеді. Ал, қоғам қайраткерлері, әліпби ауыстыру, Қазақстанды әлемдік аренада одан әрі танымал бола түсуге жағдай жасайды, әрі шетелдермен байланыс жаңа деңгейге көтерілетініне сенеді. Жиын соңында облыстың қоғам белсенділерінің атынан Қазақстан Халқы ассамблеясының мүшесі Наталья Дементьева үндеу жариялады.

Наталья Дементьева, ҚХА мүшесі:

- Бұл Қазақстанның дүниежүзілік ақпараттық кеңістікке ықпалдасуы. Біздің барлық сандық ресурстарымыз, мәдени мұрамыз әлемде латын графикасын қолданатын барлық пайдаланушыларға, қазақ тілін меңгерген, бірақ кириллицаны білмейтін адамдар үшін қолжетімді болады. Қазақстанның барша азаматтарын Елбасының қазақ тілін латын графикасына көшіру жөніндегі бастамасын талқылауға және қолдау көрсетуде белсенді қатысуға шақырамыз.

Хабар 24 телеарнасы