387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында борышкер әкелердің қарызы 135 млн теңгеге жеткен

  • 552
  • UPD: 22:51, 05.11.2017

Атырау облысында 12 мыңға жуық баланың конституциялық құқығы қорғалмай отыр.

Яғни ұл-қызына алимент төлемеген борышкер әкелердің қарызы 135 млн теңгеге жеткен. Қазіргі уақытта  мәжбүрлеп болса да жәрдемақыны алу үшін 2 мың 700 адамға елімізден  шығуға уақытша тыйым салынды. Мамандардың айтуынша, борышкерлер тұрақты табысы болмағандықтан қарызын өтемеген. Ал бұл мәселені шешудің бірден-бір жолы – жұмысқа орналастыру. Осыған байланысты құзырлы органдар бірлесіп борышкерлерді еңбекпен қамту жобасын жүзеге асырып жатыр.

Думан Жұмағалиев, облыстық прокуратураның аға прокуроры: 

- Атырау облысы бойынша 908 алимент өндіру құжаты орындалмай отыр. Олардың қарызы – 135 млн теңге. Осы қарызды өндіру аясында прокуратураның бастамасымен жұмыспен қамту орталығы, мемлекеттік сот орындаушы, жеке сот орындаушылармен үшжақты меморандумға қол қойылып, борышкерлерді жұмысқа тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осының нәтижесінде қазіргі таңда 146 борышкер тұрақты жұмыспен қамтылып, оң нәтиже беріп отыр.

Хабар 24 телеарнасы