389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда тұрғындарға құқықтық қызмет түрлерін тегін ұсынатын орталық салынып жатыр

  • 678
  • UPD: 19:43, 25.11.2017

«100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясындағы пилоттық жоба еліміздің Бас прокуратурасының үйлестіруімен жүзеге асырылып жатыр.

Облыс әкімдігімен мақұлданып, оны орындау жергілікті қадағалаушы органға жүктелген. Құны 60 млн теңге болатын кешен желтоқсанда қолданысқа беріледі. Аптасына бес күн адвокаттар, медиаторлар, теолог-мамандар мен мемлекеттік мекеме өкілдері азаматтарды «Электронды кезек» арқылы қабылдайды.

Айта кетейік, Қазақстанның бірнеше аймағында бар орталық Ақтауда қазан айында ашылған болатын. Өз алдына бөлек ғимарат жоқтығына орай уақытша өңірлік кәсіпкерлер палатасында орналасқан.

Ержан Тұрмағамбетов, облыс прокурорының орынбасары міндетін атқарушы:

- 100-ші қадамда жазылған, яғни азаматтардың барлық қызмет түрлерін алу бір орталықтан болуы керек. «Бір терезе» қағидаты бойынша халыққа қолжетімді, қолма-қол құқықтық көмек көрсету. Бұл жердегі жұмыстардың барлығы үйлестіріп, қадағалап бақылап отыратын – прокурорлар. Онның үстінде құқықтық қызметтің әр түрі көрсетілетін болады.

Берік Жалмағанбетов, мердігер:

- Қазіргі кезде кафельдеу жүріп жатыр. Жылу жүйесін тартып болғанбыз. Электр энергиясы жүргізіледі. Апробация қызметінен 11 адам, жалпы өзіміздің жұмысшыларымыз 13 адам. Барлығын санағанда 24 кісі жұмыс істеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы