384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда қоғамдық көліктерге арналған жоғары жылдамдықты арнайы жолақ іске қосылды

  • 597
  • UPD: 21:57, 25.11.2017

Мұстафин, Рысқұлбеков және Сүлейменов көшелеріндегі арнайы жолақ әзірге сынақ ретінде пайдаланылып жатыр.

Жаңа жолақ даңғыл жолдың ортасына салынған. Сәйкесінше, жолаушылар аялдамасы да жолдың қақ ортасында орналасқан.

Мұндай өзгеріске наразылар да бар. Себебі автобусқа міну үшін жолаушылар жолды кесіп өту керек. «Бұл қауіпті», – дейді тұрғындар.

Ал көлік және автомобиль жолдары басқармасының өкілдері аялдамаларға тиісті жол белгілері қойылатынын айтады. Енді алдағы жылдың жазында Жандосов пен Тимирязев көшелерінде де осындай арнайы жолақтар болады.

Ернұр Әбжахан, қалалық автомобиль жолдары басқармасы бөлімінің басшысы:

- Мұстафин, Сүлейменов көшелерінде орналастырылған аялдама платформаларын, жол таңбалары мен белгілерімен жабдықтау жұмыстары әлі де жүргізілуде. Бұл жұмыстар желтоқсанға дейін аяқтау жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы