386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде Елбасы туралы жазылған кітаптар көрмесі өтіп жатыр

  • 867
  • UPD: 15:19, 02.12.2017

Мәңгілік ел мұратым. Өскеменде осындай атаумен Елбасы туралы жазылған кітаптар көрмесі өтіп жатыр.

Шараны Тұңғыш Президент мерекесіне орай Өскемен қалалық Оралхан Бөкей атындағы кітапхана ұжымы ұйымдастырды. 

Көрмеге Мемлекет басшысы туралы жазылған 500-ге жуық  туынды қойылған. Көркем шығармалармен қатар, әр жылдардағы Жолдаулары және бастамашы болған бағдарламалары да топтастырылып, көпшілік назарына ұсынылды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіздік жылдарында әлемді аралаған түрлі  сапарлары туралы фото-альбомдар мен басқа елдердің БАҚ өкілдеріне берген сұхбаттары да жинақталып, көрмеге қойылды.

Райхан Жанұзақова, кітапханашы:

– Кітапханаға келген әрбір оқырманға осы Елбасы туралы толық мағұлмат беруге тырысамыз. Бұл кітаптарда біздің Елбасының татулық, достық, ынтымақтастық туралы, мысалы үшін «Бітімгер» екі тілде шығарған басқа да мемлекеттердегі достары үшін атқарып жатқан жұмыстары туралы кітаптары жиналды.

Хабар 24 телеарнасы