376,09 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда өткен еңбек жәрмеңкесі арқылы 120 адам жұмыс тапты

  • 648
  • UPD: 09:54, 10.12.2017

Каспийдегі ел шебін күзету үшін штурман, байланыс қызметкерлері мен кинологтар қажет.

«Жағалау күзеті» өңірлік басқармасы Ақтауда өткен еңбек жәрмеңкесіне алғаш рет қатысып, жұртшылыққа бос жұмыс орындарын ұсынды. Мұндай жәрмеңке биыл осымен он төртінші рет өткізіліп отыр. Осының арқасында 120 адам жаңа жұмыс тапқан. Бүгінде аймақта қаржыгер, есепші, дәрігер мен техникалық мамандықтарға сұраныс жоғары. Қала әкімдігі ұйымдастырған жәрмеңкеге әскерилермен қатар мемлекеттік мекемелер мен құқық қорғау органдары да қатысты.

Ербол Молдашев, ҚР ҰҚК «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасының бөлім басшысы:

Теңізде жүзу мамандары, электромеханик, штурмандар керек. Сол мәселе бойынша жәрмеңкеге қатысып отырмыз. Тұрғын үй мәселесі жөніндегі заңға өзгерістер енгізіліп жатыр. Сондықтан 2018 жылдан бастап әскери қызметшілердің жағдайы жақсарып, үйдің мәселесі шешіледі. Сондықтан әскерде қызмет етудің бүгінгі таңда маңызы бар екенін халық түсінуі керек.

Хабар 24 телеарнасы