383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Германия екіжақты серіктестікті нығайта түспек

  • 531
  • UPD: 08:36, 16.12.2017

Қазақстан мен Германияның дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 25 жыл толды.

Екі ел сауда-экономикалық тұрғыда бір-біріне маңызды серіктес. Бүгінде елімізде неміс капиталының қатысуымен 900 компания табысты жұмыс істейді. Ал тауар айналымы жыл санап артып келеді. Мәселен, былтыр Қазақстан мен Германия арасындағы алыс-беріс 4 млрд еуроға жеткен. Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша ол көрсеткіш 30 пайызға өсті. Германия мен Қазақстан бұдан кейін де энергия үнемдеу, дуалды оқыту, ауыл шаруашылығы сынды салаларда ынтымақтастық орнатып, екіжақты серіктестікті нығайта түспек.

Аксель Фишер, Бундестаг депутаты:

Қазақстан мен Германия 25 жыл бойы бірге келеді. Менің ойымша, серіктестігіміз өте жоғары деңгейде. Президент Франк-Вальтер Штайнмайердің сіздің елге жасаған сапары кезінде экономикалық келіссөздерге қол қойылды. Мұның барлығы екі елдің бір-біріне қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Сондай-ақ осы аптада Еуропалық Парламент Қазақстан мен Еуроодақ серіктестігін кеңейту мен нығайту келісімін мақұлдады. Демек Қазақстан дұрыс жолда. Мен сіздерді құттықтаймын!

Хабар 24 телеарнасы