385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана Опера» театрының солистері мемлекеттік марапатқа ие болды

  • 532
  • UPD: 14:36, 16.12.2017
«Астана Опера» театрының солистері мемлекеттік марапатқа ие болды

2017 жыл ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» театрының жетекші солисі, Рим операсының солисі, баритон Сүндет Байғожин үшін сәтті жыл.

Вокалистің мәртебелі марапаттарының қатары тағы да толықты.15 желтоқсан күні «Қазақстан» орталық концерт залында ғылым мен білім саласындағы ерен еңбегі үшін «Құрмет» ордені табыс етілді.

Сондай-ақ «Астана Опера» театрының дарынды солисі Айзада Капоноваға да «Құрмет» ордені табысталды. Әнші сахнаға он жылдан астам уақытын арнаған, осы мерзім ішінде ол керемет бейнелердің топтамасын жасады. Атап айтар болсақ, А.Жұбанов, Л.Хамидидің «Абай» операсындағы Ажар, М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсындағы Сара, Алтынай, Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсындағы нәзік Жібек, Б.Қадырбектің «Қалқаман-Мамыр» операсындағы Мамыр бейнесі әншінің репертуарынан орын алды. Классикалық операда Дж.Вердидің «Травиатасында» Виолетта, Дж.Вердидің «Риголетта» операсында Джильда, Ж.Оффенбахтың «Гофман ертегілерінде» Олимпия, В.А.Моцарттың «Сиқырлы флейтасында» Түн патшайымы, Г.Доницеттидің «Лючия ди Ламмермур» операсында Лючия партияларын орындады.

Хабар 24 телеарнасы