384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Отандық суретшілердің 1000-нан астам картинасы «Қазақстан кескіндемесі» жинағына енгізілді

  • 493
  • UPD: 15:38, 20.12.2017

Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұржайында «Қазақстан кескіндемесі» атты ғылыми жинақ жарық көрді.

Кітапта еліміздегі кескіндеме өнерінің даму кезеңдері көрсетілген. Жинақ екі бөлімнен тұрады. Бірінші томға отандық суретшілердің 1000-нан астам картинасы енгізілген.

Бұл кітапта еліміздің кескіндеме өнерінде қолтаңбасы бар суретшілердің топтамасы енген. Жинақ – өнер зерттеушілері мен қылқалам шеберлерінің еңбектерімен танысқысы келетіндерге көп мағлұмат береді.

Светлана Кобжанова, «Қазақстан кескіндемесі» жобасының үйлестірушісі:

– Бұл кітап тек мұражай үшін ғана емес, қызметкерлер, әлемдік өнер зерттеушілері үшін маңызды. Себебі картиналардың топтамасын жасау, сақтау, оны зерттеу – өнердің маңызды бағыттарының бірі. Қазақстанның кескіндеме өнерінің бір жинаққа топтастырылуы өте ыңғайлы.   

Бірінші томға 1000-нан аса суретшінің еңбегі  енген. Мұнда сурет өнерінің тарихы мен бүгіні көрініс тапқан. Туындылардан еліміздегі кескіндеме өнерінің кезең-кезеңімен қалай дамығанын көруге болады. Жинақ 1936 жыл мен 2016 жыл аралығын қамтиды.

Ақбота Әлімхожина, арт-менеджер:

– Оқырмандар үшін, өнертанушылар үшін Қазақстанның суретшілері жайында әртүрлі кезеңдердегі туындылар жайында қажетті мәліметтерді ұсынады. Суретшілер Қанафия Телжанов, Салихидин Айтбаев Қазақстанның барлық өңіріндегі атағы тарихқа енген суретшілердің жұмыстары орналасқан.

Жинақтың Қазақстанның сурет өнерін шетелдерде насихаттауда маңызы зор. Қылқалам шеберлерінің туындылары енген кітаптың екінші томы келесі жылы жарыққа шығады.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Анастасия Вылегжанина, Валентин Лобанов

 

Хабар 24 телеарнасы