388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында қамкөңіл балғындар 8 жарым млн теңгенің бағалы сыйлықтарына ие болды

  • 408
  • UPD: 08:21, 28.12.2017

Рудныйдағы № 1-ші арнайы мектеп интернатына барып, көңілді шырша кешін тамашалаған аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов 5 млн теңгенің сертификатын табыс етті.

Бұл қаражат спорт жабдықтары мен түрлі әдеби оқулықтар сатып алуға жұмсалады. Ал кеншілер қаласындағы балалар үйіне 2 жарым млн теңге берілді. Мұның сыртында жергілікті демеушілер 1 млн теңге қаражат қосқан. Қос мекемеде бүгінде 300-ге тарта балғын тәрбиеленіп жатыр. Тәрбиеленушілер өңірдегі білім, спорт, өнер бәсекелеріне белсенді қатысып, үнемі биіктерден көрініп жүр.

Архимед Мұхамбетов, Қостанай облысының әкімі:

– Сіздерге оқудан тыс уақытта өздеріңізді жетілдіруге жан-жақты жағдай жасалған. Тамаша шеберхана, өзін-өзі тану кабинеті, көптеген үйірмелер жұмыс істейді. Бәріңіз де спортпен шұғылданасыздар. Жетістістеріңіз көңіл қуантады. Сіздерге арнайы музыкалық аппарат пен компьютерлер сыйлап отырмыз. Игілігін көріңіздер.

Хабар 24 телеарнасы