385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ыстамбұлда қазақ жастары арасында интеллектуалды сайыс өтті

  • 850
  • UPD: 23:11, 10.02.2018
Ыстамбұлда қазақ жастары арасында интеллектуалды сайыс өтті

Ыстамбұл қаласында қазақ диаспорасының жастары арасында интеллектуалды сайыс өтті.

Биыл алғаш рет ұйымдастырылған айтулы шараға 20 топ қатысты. Алайда сайыстың ақтық сынына жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар тек үш команда ғана сүрінбей өтіп, бәсекенің көркін қыздыра түсті. Финалдық жарыста жастар техникалық және гуманитарлық пәндерден бөлек Қазақстан тарихы, қазақтың салт-дәстүрі мен мәдениеті тақырыптары бойынша да біліктіліктерін көрсетті. Жеңімпаз топ бір жылдық стипендияны иеленіп, жастар лагеріне жолдама алады. Сондықтан сайысқа қатысушылар қомақты жүлдеден құр алақан қалмау үшін аянып қалмады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара атажұрттан жырақта жүрген қазақ жастарының бірлігін нығайтып, оқу-білімге деген құштарлығын арттыруды көздейді.

Мұстафа Өзтүрік, ұйымдастырушы: 

Біз бүгін Ыстамбұлдағы қазақ диаспорасының қолдауымен бірінші интеллектуалды жарысын өткізейін деп жатырмыз. Осыған орай бүкіл халқымызды шақырып, концерт қойдық. Кішкентай бүлдіршіндер би билеп, домбырада ойнап, жақсы бір кеш өткіземіз деп үміттенеміз. Бұл біздің бірінші ұйымдастырып отырған шара болғандықтан, тек Ыстамбұлдағы қазақ жастары қатыса алды. Бірақ келесі жылдары бүкіл Түркиядағы және бүкіл қазақ қандастарымыз арасында үлкен жарыс өткіземіз деп үміттенемін. 

Хабар 24 телеарнасы