384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде мемлекет бағдарламасы аясында жер беріле бастады

  • 757
  • UPD: 07:45, 05.03.2018

Семейде «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйлер салу үшін жер телімдері беріле бастады.

Ауқымды жобаның алғашқы кезеңі Ақсай кентінде жүзеге асырылады. Қазір бұл аумаққа су мен жарық тартылып, жол салынып жатыр. Барлығы мыңнан астам жер телімі қарастырылған. Алдағы жылдары бұл шағын ауданда заманауи жаңа үлгідегі үйлер салынады. Жалпы қала халқының саны соңғы жылдары едәуір өсіп, 7 мыңға көбейген.

Ермак Сәлімов, Семей қаласының әкімі: 

– Жаңа шағын ауданның тұрғындары үшін әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымдық жүйелер аса қажет дүние екенін жақсы түсінеміз. Сондықтан қалалық әкімдік бұл түйткілді шешуге де барынша жұмыс істеп жатыр. Биыл бюджеттен осы мақсатқа 320 орындық балабақша мен 1200 оқушыға арналған жаңа білім ошағының құрылысы үшін жобалық-сметалық құжаттарға қаражат қарастырмақпыз.

Хабар 24 телеарнасы