386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ипотекалық несие талаптары жеңілдетілді

  • 890
  • UPD: 22:51, 05.03.2018

«Құрылыс нарығын ынталандыру және жаңа ипотекалық жүйе енгізу ел экономикасын дамытуға айтарлықтай серпін береді», – дейді Мемлекет басшысының «Ипотека 7-20-25» бағдарламасына пікір білдірген экономист мамандар.

Сарапшылардың айтуынша, қазақстандықтарға тұрғын үйді қолжетімді ету туралы Президент шешімі бірқатар мәселенің шешімін табуға ықпал етеді. Біріншіден, бұл – мемлекеттің халық алдындағы жауапкершілігі. Экономика тұрақтанған жағдайда, елде демографиялық өсім болады, білім алу қолжетімді болады. Тұрғындар білім алып, еңбек ету үшін қалаға келеді. Олар үшін тұрғын үй мәселесі бірінші кезекте тұратыны белгілі. Бұл ретте ипотекалық несие талаптарын  жеңілдету  мәселенің шешімі болмақ. Тұрғын үй бағдарламасының тағы бір пайдасы жұмыспен қамту артып, кәсіпкерлік қарқын алады.

Рахман Алшанов, экономика ғылымдарының докторы:

- Президенттің шешімінің үлкен әлеуметтік мағынасы бар. Мыңдаған адам осыны күтіп отырды. Өндіріс жағынан, экономика жағынан, әлеуметтік жағынан, қаржы жағынан ұштасқан кезде, бұл өте қажетті жоба деп ойлайымын. Әсері өте зор. Сондықтан ешқандай күмән жоқ. Әлеуметтік салада істейтін мұғалімдер, дәрігерлер, басқа қызметкерлердің шамалары жетпейді. Бұл шешім солардың бәріне үлкен мүмкіншілік туғызып отыр.

Елбасының салықтың салмағын азайту туралы шешімі ең бірінші кезекте аз табыс табатын азаматтарға тиімді. «Халықтың қалтасына түскен қаржы айналып келгенде экономиканың өсуіне ықпал етеді», – дейді сарапшылар.

Хабар 24 телеарнасы