383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскемендік ұстаздар ұлттық киімдер киіп жүр

  • 1064
  • UPD: 12:07, 07.03.2018
Өскемендік ұстаздар ұлттық киімдер киіп жүр

Өскемендегі Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімдері ұлттық киімдер киіп, шәкірттеріне үлгі-өнеге көрсетіп жүр.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған бастаманың Наурыз айына дөп келуі тегін емес», – дейді ұстаздар. Оқушылар да шашбау тағып, ұлттық әшекейлерді мектеп формасының бір бөлігіне айналдырыпты. Жобаны дамыту үшін отандық дизайнерлермен байланыс та орнату көзделіп отыр. Еліміз үшін бірегей жүйені өзге де білім ошақтары қолдауға ниет білдіріпті. Ал зияткерлік мектеп бастаманы жетілдіре бермек.

Гүлнәз Зейноллаева, идея авторы:

- Жобамызды «Рухани жаңғыру» жобасына арнап отырмыз. Осымен тоқтап қалмаймыз. Келешекте кураторлармен ұлттық ансамбль ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Тәрбиеші болғандықтан қолға алып отырмыз. Бізді балалар толығымен қолдайды деп сенеміз.

Хабар 24 телеарнасы