386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


К.Каптанер: Қазақстандағы оң өзгерістердің куәгерімін

  • 524
  • UPD: 12:12, 23.03.2018

Бәсекеге қабілетті ұлт - жаһандық үдерістердің болашағын айқындайды. Өркениет көшінен қалып қоймауда сананың ашықтығы маңызды роль атқарады.

Қазақстан басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасында бұған ерекше басымдық беруі бекер емес. Өйткені бүгінгі ақпараттық-технологиялық заманда әлемнің озық жетістіктерін қажетімізге жарата білуіміз тиіс. Түркі әлемі мәдени орталығының директоры Кемал Каптанер осылай дейді. Ол өткен аптада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шақыртуымен елімізде болып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша қолға алынған іс-шаралармен кеңінен танысып қайтты. Оның пікірінше, Қазақстан жастардың сапалы білім алып, білікті маман болып қалыптасуына қомақты инвестиция салып жатыр.

Кемал Каптанер, Түркі әлемі мәдени орталығының директоры:

- Қазақстан Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен Орталық Азияның көшбасшы мемлекетіне айналды. Соңғы жылдары ол қарқынды дамып, аймақта және халықаралық сахнада мәртебесі өсті. Мен мұны сырт көз ретінде емес, Қазақстанға барып, оң өзгерістердің куәгері ретінде айтып отырмын. Әсіресе соңғы сапарымда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жайлы толымды ақпарат алдым. 6 бағдардан тұратын ұлттық жоба көңілімнен шықты. Өйткені ол саяси және экономикалық реформаларды емес, алғашқы кезекте қоғамдық сананың жаңғыруын көздейді.

Хабар 24 телеарнасы