389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжілісмендерге сарымсақ өсіретін жылыжай кешені таныстырылды

  • 564
  • UPD: 16:54, 06.04.2018
Мәжілісмендерге сарымсақ өсіретін жылыжай кешені таныстырылды

Түрлі қоспаға толы шетелдік өнімді емес, отандық таза азық-түлікті тұтынған абзал.

Ал жергілікті өнім көлемі артуы үшін өз кәсіпкерлерімізге қолдау қажет. Қызылордалық ауылшаруашылығы тауар өндірушілерімен кездескен Мәжіліс депутаттары осылай дейді. 2016 жылы Шиелі ауданында ашылған кәсіпорын тәулігіне 20 мың дана жұмыртқа өндіреді. Осының арқасында облыс көлемінде құс өнімдерінің бағасы арзандады. Төменгі палата депутаттарына сондай-ақ жылына 65 тонна құс етін өндіретін зауыт жобасы мен сарымсақ өсіретін жылыжай кешені таныстырылды. Кәсіпкерлер мемлекеттік қолдаудан үмітті. Жобалары жүзеге асса, өнім көлемін одан ары ұлғайтпақ.

Ербол Жеңсікбаев, кәсіпкер:

Суыққа төзімді, суды өте аз керек ететін әрі бір рет жиналады. Қияр мен қызанақтың сақтау мерзімі 5-7 күн болса, бұны 2-3 айға дейін сақтауға болады. Жалпы шығынымыз 1 млн теңге ақша. Табатын пайдамыз 5 жарым млн теңге деп отырмыз. Қалай болғанда 4 млн теңге таза пайда қалады.

Дархан Мыңбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Кәсіпкерлердің саны ғана емес, сапасы да өсіп келе жатыр деп айтуға болады. Цифрлық жүйеге ауысқаннан кейін бар ақпарат  бір терезе қағидаты арқылы әр адамның қалта телефоны, үйіндегі компьютеріне келіп тұруы керек. Ол ешқандай мекеменің есігін сығалап жүрмеуі керек. Осы жағына келгенде жасалып жатқан жұмыстарды көрдік, бірақ оны тездету керек деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы