389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР СІМ: Мюнстердегі қайғылы оқиғадан зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың бар-жоғы тексерілуде

  • 466
  • UPD: 22:31, 07.04.2018
ҚР СІМ: Мюнстердегі қайғылы оқиғадан зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың бар-жоғы тексерілуде Zakon.kz

ҚР СІМ Германияның Мюнстер қаласында болған лаңкестіктен зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың бар-жоғын тексеруде.

Бұл туралы ведомствоның баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов хабарлайды.

Айта кетейік, Германияның Мюнстер қаласында белгісіз біреу жүк көлігігімен жаяу жүргіншілерді қағып, 3 адам қаза тапты. Тағы 30-ға жуығы жарақат алған. Қазір оқиға болған аудан қоршалып тергеу жүріп жатыр. Әзірге оқиғаға қатысты басқа мәлімет жоқ. Бұл туралы келесі хабарларымызда толығырақ айтатын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы