389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада ҰҚШҰ-ға мүше елдердің әскери комитет өкілдері бас қосады

  • 405
  • UPD: 09:50, 13.04.2018

Астанада Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің әскери комитет өкілдері бас қосады.

Кездесу Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Мұрат Майкеевтің төрағалығымен өтеді. Дәстүрлі отырыс 12-рет ұйымдастырылып отыр. Биыл оған ұйымның бірлескен штабының бастығы генерал-полковник Анатолий Сидоров пен бас хатшының орынбасары Пётр Тихоновский қатыспақ. Жиынның күн тәртібінде Орталық Азия өңіріндегі қауіп-қатерлер мен әскери дайындық шаралары мәселесі тұр. Сонымен қатар әскерилерді материалдық-техникалық тұрғыдан қамту жайы қозғалады.

Хабар 24 телеарнасы