389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ОҚО-да ғалымдар «100 жаңа оқулық» бойынша шығарылған кітаптарды талқылады

  • 1398
  • UPD: 14:54, 19.04.2018

Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көрген құнды кітаптардың мазмұны мен маңызын Оңтүстік Қазақстан облысындағы ғалымдар да талқылады. Ғалымдар жаңа оқулықтар жөнінде не дейді?

Жүз кітап тек студенттерге арналмағаны анық. Жалпы жұрт та оқи береді.

Нұрбек Байбосын, тілші: 

- Ғалымдар ана тілімізде жазылатын 100 жаңа оқулық білім беру саласына серпіліс алып келеді дейді.

Дөңгелек үстел басына жиналғандар әуелі оқулықтың мазмұны мен маңызына тоқталды. Жобаның бастапқы мақсаты - гуманитарлық білімнің барлық бағыты бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүниежүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік беру . Әзірге елімізде 18 оқулық аударылып, жарыққа шықты. Олар экономика, философия, тарих, тіл білімі, жалпы әлеуметтік-гуманитарлық салаларды қамтиды.

Нұрбек Байбосын, тілші: 

- Аударылған оқулықтар қазақы дүниетанымға сай келе ме? Жоғары оқу орнында бұл қашан қолданысқа енеді? Біздің сауалдарға Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі Үсен Файзуллаұлы жауап беретін болады.

Үсен Асқаров, Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің кафедра меңгерушісі

Нұрбек Байбосын, тілші: 

- Рахмет, Үсен мырза. Елбасы өзінің мақаласында «Қазақстанда білім салтанат құруы керек» деген болатын. Сондықтан білімнің салтанат құруына осы оқулықтар қомақты үлес қосады деп сенейік.

Хабар 24 телеарнасы