384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында егін салу науқаны басталды

  • 680
  • UPD: 17:23, 25.04.2018
Ақтөбе облысында егін салу науқаны басталды

Ақтөбе облысының диқандары көктемгі егіс науқанын бастап кетті.

Алғашқы болып Темір ауданында 290 гектар алқапқа дәнді-дақылдар егілді. Қалған аудандардың шаруалары жер жыртып, техникасын сайлап, тұқым себуге дайын отыр. Жалпы биыл өңірде 754 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15 пайызға артық. Оның 442 мың гектарына бидай, 49 мың гектар алқапқа майлы дақылдар, ал 250 мың гектарға мал азығы дақылдары егіледі деп жоспарланып отыр. Сонымен бірге 12 мың гектар алқапқа картоп және бау-бақша өнімдері отырғызылады. Шаруаларға 8 мың 800 тонна арзандатылған дизель отыны беріледі. Биыл суармалы алқаптардың көлемі ұлғайтылып, 3 ірі су қоймасы мен 30-ға жуық өзеннің суы пайдаланылады.

Диас Ерғалиев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

- 8300 қосымша алқап енгізіледі және 200 гектарға жуық ауыл шаруашылығы құрылымдары өз есебінен суармалы жерлерді айналысқа енгізеді. Жалпы, ағымдағы жылы суармалы жер алқабын 30 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Басым алқаптар осы біздің Ақтөбе қаласына жақын орналасқан Қарғалы ауданы, Алға ауданы, Мәртөк, Хромтау аудандарында орналасқан. Бұл жерлерде басым бөлігі мал азық дақылдары, картоп және көкөніс дақылдары өндірілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы