383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да Есіл өзені ернеуінен асты

  • 603
  • UPD: 20:02, 25.04.2018

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзені ернеуінен асып, су республикалық маңызы бар Челябі Новосібір тас жолының 525 шақырымын басып қалды.

Тасыған өзен суы жол үстіне шығып, 30 метр аумаққа дейін жайылған. Қазір бұл жерде арнайы бекет құрылып, құтқарушылармен жергілікті полиция қызметкерлері күні-түні кезекшілікке кірісті. Қозғалыс тоқтатылған жоқ. Дегенмен жақын күндері су Петропавл қаласы маңында орналасқан бірнеше саяжайға жайылуы мүмкін деген болжам бар.

Ерік Сарыбаев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Заречный елді мекенінің жанында орналасқан саяжайлар толығымен, Былғары тері зауыты елді мекені, Мичурина елді мекені және өзен портының жанында орналасқан саяжайлардың біршамасын су басу болжанып отыр. Осыған байланысты қазіргі таңда біз «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік мекемесінің арнайы гидропостарынан бөлек, департамент жеке құрамының күшімен қосымша 6 пост құрып отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы