389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да киіз үй фестивалі өтіп жатыр

  • 930
  • UPD: 14:59, 25.05.2018

Шығыс Қазақстан облысында киіз үй фестивалі өтіп жатыр.

Он жылдан астам уақыттан бері өткізіліп келе жатқан шара «XXI Халықтық ойындар спартакиадасы шеңберінде» ұйымдастырылды. Осылайша  Өскемен маңында ақ шаңқан ауыл бой көтерді. Бұл жерге  Зайсан, Абай, Ұлан, Қатон-қарағай сынды  алыс-жақын өңірлерден  ұзын саны  20-ға жуық үй тігілді. Барлығы да  ұлтымыздың дәстүрінен ақпарат беретін байырғы замандағы тұрмыстық дүниелермен жабдықталған. Сондықтан киіз үйлер ішіне текемет, сырмақ сынды төсеніштердің, ас-суға қажетті құралдардың барлығы қойылған.  6 -8 қанатты  қазақ үйлердің ішіндегі ең әдемілерінің бірі Абай ауданына тиесілі болды.

Жанат Хайсина, фестивальға қатысушы:

- Біз бүгін осы мерекеге  Абай ауданынан ерекше 3 үйден құралған Абай атаның бас үйін әкелдік. Көп күн дайындалдық енді осы үлкен мереке болғандықтан үйді тігу, құраудың өзі жалпы бір апта он күндей уақыт дайындық жасадық.

Хабар 24 телеарнасы