384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық жеңімпаздары марапатталды

  • 451
  • UPD: 08:23, 02.06.2018
Қостанайда «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық жеңімпаздары марапатталды

Қостанайда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды.

Өңірде жалпыхалықтық сипат алған сайысқа қатысушылар саны артып келеді. Байқау басталған бес жыл ішінде бес жүзге тарта отбасы ынта білдірген. Биыл 92 қатысушының ішінен іріктелген 20 әулет көпшілік алдына шықты. Олардың бәрі – өсіп-өнген, елге танымал, бақуатты, берекелі шаңырақ иелері. Арасында қарапайым еңбек адамдарынан бастап түрлі мамандық иелері, өңірдің өнер жұлдыздары да бар. Жеңімпаздарды анықтау кезінде олардың қоғамға қосқан үлесі, көрсеткен үлгі-өнегесі, жеткен жетістіктері баса назарға алынған.

Орекен Алматов, Облыстық кезеңнің жеңімпазы:

– Жұбайым Гүлжан Фазылжанқызы екеуіміз 58 жыл өмір сүреміз. 8 бала, 4 немере, 5 шөбере көріп отырмыз. Осындай жағдайға жеткізген отбасындағы бірлік, түсіністік. Біздің мемлекетіміз нығаю үшін халқымыз көбею керек. Сондықтан жастар әр отбасында кем дегенде 4-5 бала болу керек, әр баланың өзінің несібесі бар.

Хабар 24 телеарнасы