384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраулық кәсіпкер тұрмыстық қалдықты кәдеге жарату жолын тапты

  • 732
  • UPD: 23:25, 02.06.2018

Атыраулық шағын кәсіп иесі тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратудың жолын тапқан.

Пластикалық қалдықтарды жиып Ресейдің көршілес облыстары және Алматы қаласына жөнелтіп келген Әзілхан Байбатыров, жақында өзі цех ашты. Қазір жас кәсіпкер қалдықтарды өңдеп, құрылыс саласына қажетті өнім шығарып жатыр. Бірнеше адамды жұмыспен қамтыған іскер жігіт болашақта ірі зауыт тұрғызуды армандайды.

Облыс орталығындағы бизнес инкубатордағы тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу кәсіпорны әзірге қанатқақты жоба. Мұнда әзірге жолға арналған төсемдер, үй шатырының жабындылары шығарылып жатыр. Жаңа технологияға негізделген экологиялық таза бұйымдарға сұраныста артып келеді.

Әзілхан Байбатыров, шағын кәсіпкер:

- Басында проблеманы меңгеріп зерттедік, қаладан қанша мусор шығатыны қарадық. Сосны неге осы мусордан дұрыс бір өнім шығармасқа деп. Жайлап идея келіп Волгоград қаласына өндірісті қарап келдім. Тап осындай өндірісте оларда қоқыстан тротуар плиткасы, бордюр, черепица секілді әртүрлі өнімдер шығарады. Ең басында біздер 50 контейнерден бастадық қаір бізде қалада 300 контейнер бар.

Жаңа жоба тұрғындар тарапынан да кең қолдау тапты. Өйткені көпшілік те қаланың таза болғанын қалайды. Әрі қалдық төгілетін орындардағы арнайы қойылатын контейнерлерге қоқысты сұрыптап, бөліп салуға дағдыланып үлгерді. Облыс орталығыдағы қоқыс полигонында 2 млн тоннадан астам қалдық жиылған. Мұның болашақта экологиялық зардап әкелетінін ел түсіне бастады.

Ержан Нұрқасымов, Атырау қаласының тұрғыны:

- Мұндай пластикалық қалдықтардың қоршаған ортаға келітірер зияны орасан. Бұлар 100 жылға дейін сақталып тұрады екен. Сондықтан мұндай қалдықтарды пластикалық, шыны бөтелкелерді, қаңылтыр бөтелкелерді жинақтап бір жерге тапсыратын бизнес көзі болатын болса құба-құп болады.

Өркениетті елдерде қоқыстан электр энергиясы, жанармай және дизель отыны да өндіріледі. Әлем бойынша үздік технология ауаға зиянды, улы газдар таратпайды. Қоқысты табыс көзіне айналдыруды мақсат тұтқан жас кәсіпкер болашақта үлкен зауыт салуды жоспарлап отыр. Болашақта мұнда қоқысқа шығарылатын шыны және қаңылтыр бұйымдар да өңделеді.

Авторлары: Бекен Әлирахым, Амантай Мәтенов, Жандос Рахметуллин

Хабар 24 телеарнасы