384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада үздік дәрігерлер марапатталды

  • 688
  • UPD: 23:14, 15.06.2018

Үздік 14 дәрігер марапатталды. Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі шеңберінде республикалық байқаудың қорытындысы жарияланды.

Арнайы комиссия жыл бойы жеңімпаздарды анықтаған. Сонымен «Үздік дәрігер» атағы Алматы қалалық кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі Нұрсан Сұрашевқа бұйырды. Ал оның Қостанай облысындағы әріптесі Евгений Финк «Үздік ауыл дәрігері» болды. Бұдан бөлек «Үздік фельдшер», «Үздік ғалым» сынды бірқатар аталымдар бойынша топ жарғандарға Денсаулық сақтау министрі грамота мен сыйлықтар табыстады.

Хабар 24 телеарнасы