386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысы Саран қаласында дәрігерлер баспаналы болды

  • 684
  • UPD: 22:44, 15.06.2018

Қарағанды облысының Саран қаласындағы орталық ауруханада еңбек ететін 11 дәрігер баспаналы болды.

Жас мамандарға жаңа пәтерлердің кілті медицина қызметкерлері күнінде салтанатты жағдайда табысталды. Ал жыл соңына дейін аймақта тағы 60 дәрігер қоныс тойын тойламақ. 

Қарағанды облысының Саран қаласындағы орталық ауруханада еңбек ететін 11 дәрігер баспаналы болды. Жас мамандарға жаңа пәтердің кілті медицина қызметкерлерінің күні қарсаңында салтанатты жағдайда табысталды. Ал жыл соңына дейін аймақта тағы 60 дәрігер қоныс тойын тойламақ.

Саран қаласындағы бұл үйдің бірінші қабаты бұрын стоматологиялық клиника болған. Кейін бірнеше жыл бос тұрыпты. Биыл жергілікті билік облыс бюджетінен 50 миллион теңге қаржы бөліп, үйді күрделі жөндеп, мұқтаж жандарға үлестірді.

Ерлан Қошанов, Қарағанды облысының әкімі:

- Баспана деген ол әр адам үшін ең үлкен арман, әсіресе жастар үшін. Біз бәріміз де осыдан өттік. Сондықтан бүгін баспана алайын деп отырған осындағы жас азаматтарды мен шын жүректен құттықтағым келеді. Біз сол үшін біраз еңбек жасадық. Бұл Елбасының үлкен тапсырмасы.   

Медицина қызметкерлерінің күні қарсаңында 11 дәрігер баспаналы болды. Бұл қуанышты ұзақ күткендердің бірі Даврановтар отбасы. Хуршидбек жұбайы екеуі Оңтүстік Қазақстан облысынан көшіп келіп, Қарағанды медицина университетінде білім алған. Кейін осында келісім-шартпен жұмысқа орналасыпты.

Хуршидбек Давранов, Саран қаласындағы орталық аурухананың дәрігері:

- Осы мемлекет тарапынан беріліп отырған квартира бізге тегін беріліп отыр. Бұл бізге үлкен көмек, қаражатымызды жинауға. Келешекте баспанамызды кеңейтуге үлкен көмек болып отыр.

Қазіргі күні Қарағанды облысы бойынша 107 дәрігер жетіспейді. Сондықтан өңірде жұмыс істегісі келетін жас мамандар болса, баспана бірден беріледі екен. Ал облыс әкімінің айтуынша, биыл үй кезегінде тұрған 60, келесі жылы 100 дәрігер қоныс тойын тойламақ.

Айта кету керек, қазір Саран қаласында үйден бөлек жол жөнделіп, аулалар абаттандырылып, көшелер жарықтандырылуда. Аймақ басшысы құрылыстың сапасы қатаң бақылауда болатынын айтты. 

Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Сайлау Игіліков

Хабар 24 телеарнасы