Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада әкімдер футбол ойнады

  • 737
  • UPD: 11:39, 04.07.2018
Астанада әкімдер футбол ойнады

Астанада Жібек жолы бойындағы қалалардың басшылары бас қосып, ғаламды толғандырған түрлі тақырыптар төңірегінде пікір алмасқаны белгілі.

Талқы алаңына жиналған 70-ке жуық шаһардың әкімдері дөңгелек үстелді жасыл алаңға алмастырды. Форум қатысушылары командаға бөлініп, «Астана-Аренаға» жиналды. Қазіргі технология мен экономика мәселесін доп тебе жүріп жалғастыруды жөн көрген әкімдер «Жібек жолы» кубогын сарапқа салды. Жолдастық кездесуге әкімшілік қызметкерлері мен форум қонақтары қатысты.

Зейнолқабден Табиғат, «Астана су арнасы» мекемесінің бас директоры:

- Бүгін, міне, шара барлық әкімдіктердің арасында осындай «Жібек жолы»  кубогы болып жатыр. Бұл тек қана жұмыс жағынан емес, осындай спорттық шараларда бәрімізді біріктіреді. Бәріміздің ішкі дүниемізді көтеріп, бір-бірімізбен араласып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы