365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында ірі жел электр станциясы салынып жатыр

  • 210
  • UPD: 09:30, 10.07.2018

Ақмола облысының Аршалы ауданында елімізде теңдесі жоқ жел электр станциясы салынып жатыр.

Нысан Астананың іргесінде ғана, елордадан солтүстік-шығыс бағытта 40 шақырым қашықтықта орналасқан. Станцияның өзі 200 гектарға жуық аумақты алады. Мұнда әрқайсысының биіктігі 100 метрден асатын 30 шақты жел генераторы қойылмақ. Олардың алғашқылары осы айдың соңына қарай тұрғызыла бастайды. Аталған ірі жобаның құны – 82 млрд теңге. Былтыр тамыз айында басталған құрылыс жұмыстарының алғашқы кезеңі келесі жылдың екінші тоқсанында аяқталмақ. Ал 2020 жылдың мамыр айына қарай нысан толық іске қосылып, 100 мегаватт электр қуатын өндіреді.

Айта кетейік, осыдан 3 жыл бұрын Ерейментау ауданында да дәл осындай жел электр станциясы тұрғызылған болатын. Алайда оның қуаты елорда іргесіндегі станциядан екі есеге төмен. Мамандардың айтуынша, қолайлы жерді таңдап алу үшін мұнда көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілген.

Айдар Жолшеринов, жоба менеджері:

- Жел электр қуатын зерттеу барысында осы жер телімінде метеорологиялық діңгек орнаттық. Бір жылдан астам зерттеулер жүргіздік. Математикалық есептеулер бойынша, метеорологиялық көрсеткіштерді талдай отырып, осы жер бізге ыңғайлы және осы жобаны осы жерде іске асыруға болатынына көз жеткіздік. Жылына 300 млн кв/сағат қуат береміз деп жоспарлап отырмыз.

Осы категория бойынша: « Шымкентте есік-терезенің қосалқы бөлшектерін шығаратын тұңғыш зауыт ашылады Маңғыстау облысында Жаңаөзен-Жетібай автожолы жаңғыртылуда »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы