370,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада «Азияның медиа диалогы» форумы басталды

  • 321
  • UPD: 13:42, 10.07.2018

Шараға Азия мен Еуропаның әйгілі медиаменеджерлері қатысуда.

Форум шілденің 10-ы мен 12-сі аралығында өтеді. Бірнеше күнге созылатын жиында әлемге танымал журналистер мен телерадио басшылары өзара ақылдасып, ойларымен бөліседі. Форум бірнеше бағытта өтеді. Оның біріншісі – «Азия елдеріндегі Радио», «Медиа 2020». Сұхбат алаңына да кезек беріледі. Қатысушылар Азиядағы радионың дамуын бөлек қарастырады.

Алғашқы панельдік сессияға аяқталды. Онда мамандар радионың бүгіні мен болашағы туралы ой өрбітіп, пікірлерін ортаға салды. Әрине, ауқымды аудиотория жинау, тыңдармандар қызығушылығын тудыратын  хабарлар дайындау барысы әңгімеге өзек болды. Радиоадағы таңғы шоу бағдарламаларды дамыту жайында да ой айтылды. Бельгия, Германия, Жапония, Қытай, арабтың хабар тарату қауымдастығы, Үндістан радиосының өкілдері арнайы келгеннен кейін сұхбат деңгейі биіктейтіні анық қой. Жалпы алғанда, Еуропа мен Азиядағы 40 мемлекеттен өкілдер жиналды. 

Ронни Стантон, халықаралық сарапшы:

- Радионың болашағы зор. Мұндай медиаконференцияларды өткізу маңызды. Себебі бағдарламалар өндірісінің өкілдері бас қосып, салаға қатысты өз тәжірибелерін ортаға салады. Үздік жобаларымен бөліседі. Біз әрбір қатысушыдан қажетті ақпарат аламыз. Қазақстанның медианарығы енді дамып келе жатыр. Сондықтан сіздер біздің жіберген қателіктерімізден сабақ алып, қорытынды шығара аласыздар. Бұл Қазақстанның ақпарат саласын жылдам дамытуға септігін тигізеді.  

Осы категория бойынша: « Заңсыз жүрген 200-ге жуық шетелдік Қазақстаннан қуылды Атырау облысында кәсіпкерлер аквапарк ашты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы